70-ТЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУДЕ Избранное

Пятница, 13 Сентябрь 2024 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 260 раз

Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.

mamso

 

Медициналық оңалту МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға қол жетімді және науқастардың қалыпты өмірге қайта оралуларына орасан көмегін тигізуде. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2000-ға жуық адамға оңалту шараларын көрсеткен.
Емдеу процесінде медициналық оңалту шаралары аса маңызды. Мәселен, инсульт, түрлі жарақаттар мен басқа да аурулардың асқынуында отадан кейін науқастардың аяққа тұрып, қалыпты өмірге оралулары оңалтуға байланысты. Сондықтан сақтандыру жүйесінде аталмыш ем-шараға ерекше көңіл бөлінген.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.