Рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Пятница, 21 Июль 2023 05:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 521 раз

reid

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бекітілген түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Аудан әкімдіктері және аудандық жергілікті полиция бөлімі ювеналды полиция тобы бірлескен іс-шарада түнгі 23:00-ден таңғы 05:00 аралығында 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің үй аумағынан тыс жерде немесе ойын-сауық орталықтарында ата-анасының немесе заңды өкілінің ертуінсіз жүрген жасөспірімдер бақыланады.

Жыл басында бекітілген кестеге сәйкес, Абай ауданында бүгінгі таңда жалпы 40 рейдтік іс-шара өтіп, 480 жасөспірімнің ата-анасына ескерту жасалған. Жүргізілген іс-шара нәтижесінде түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың басым бөлігі «Наурыз» алаңы мен «Бәйдібек би» ескерткіші маңдарында жүретіндігі анықталды.

Тұран ауданында жыл басынан бері осы мақсатта 10 рейд өткізілді. Нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерінсіз, кәмелет жасқа толмаған 25 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Сонымен қатар, ішімдік тұтынған 5 жасөспірімге хаттама түзілді. Қазіргі таңда түрлі акциялар аясындағы рейдтік жұмыстар өз жалғасын табуда. Ал Әл-Фараби ауданында әр аптаның жұма, сенбі күндері рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Қаратау ауданында жыл басынан мамыр айына дейін аудандық полиция басқармасы, аудан прокуратурасы және аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен бірлесе, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде 792 әкімшілік хаттама толтырылған. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, тұрғындар арасында керіағар діни ағымдар мен секталардың қауіптілігі бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізілуде.

Жалпы аталған іс-шара жоспарына сәйкес, жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.