Жалпы ұзындығы 2,48 шақырымды құрайды. Жолдың ені 80 метр. Екі бағыттағы 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол салып, жарық шамдар қою көзделген. Ал, төртінші кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін ұласады. Бұл учаскенің жалпы ұзындығы 1,86 шақырым құрайды. Ені 35,5 метрлі 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген.
Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылды.
Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.