181 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАРЫҚ КӨРГЕН КӨНЕ КІТАП САҚТАЛҒАН Избранное

Среда, 26 Июль 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 417 раз

Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл – кітапхананың «Сирек қор» бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» (Редгонтлет) атты тарихи романнының ІІ -томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады.

538

 

Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде.
Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы барлық оқырман санаттарына арналған көпшілік кітапхана болып табылады.
Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.