«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 56 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА КӨМЕК БЕРІЛЕДІ Избранное

Среда, 14 Август 2024 05:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 785 раз

Шымкент қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2024 жылы 56 183 балаға көмек көрсетіледі. Жоспарланған қаржы көлемі – 2 400,9 млн.тенге (әр балаға 43 500 теңге). Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық балаға қаржы аудару жоспарланған. Жалпы 20 тамызға дейін барлық қаржы игерілмек.

MekteP

 

Қайырымдылық акция негізінен мемлекеттік мектептерде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл көмек мынадай санаттағы отбасының балаларына беріледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға ( 11 390), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға (39 841), отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға (399), білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (4 553) көмек көрсетіледі.
Қалада 2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы бастау алды. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылының басында балаларды мемлекеттік қолдау тақырыбында баспасөз брифингін өткізген еді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Басқарма басшысының айтуынша, ата-ана берілген ақшаны баланың формасына және кеңсе тауарына жұмсауы тиіс. Сол бойынша өзінің алған чектерін және заттарын көрсетеді.
Акция 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қайырымдылық іс-шарасына волонтерлер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады. Қайырымдылық акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылады.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.