ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 04:55 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 36 раз

Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің шәкірті Әйгерім Досова Франциядан жеңіспен оралды. Францияның Лион қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жерлесіміз жүлделі орынға ие болған еді. Жеңімпаз студентті Шымкент теміржол вокзалынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

okushi

 

Еліміздің колледж студенттері «WorldSkills – 2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді. Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама 7 медальон жеңіп алды. Еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы қорғады.
ҚР құрама командасы сапында «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша ұлттық чемпионаттың жеңімпазы Әйгерім Русланқызы Досова да бақ сынады. Әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінген жерлесіміз «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша медальон жеңіп алып, жоғары көрсеткішке ие болды. Шымкенттік студент WorldSkills халықаралық чемпионатында 4 модуль бойынша бақ сынады. Оған дейін өңірлік, республикалық іріктеуден өткен болатын.
«WorldSkills» чемпионаты халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған. Бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттауды мақсат еткен.
Күтіп алу іс-шарасында
Ә.Досова одан әрі де дайындықты жалғастыратынын айтып, қолдау көрсеткен баршаға алғысын жеткізді. Айта кетсек, халықаралық чемпионатқа 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.