ШАҺАР БАСШЫСЫ АҚЫН ӘКІМ ЫСҚАҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 28 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ақын, композитор, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті. Ә.Ысқақ – тек отандық журналистика мен әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына да үлкен үлес қосқан азамат.

akimAkiN

 

Әкім Ысқақ қазақ тілінде жазылған алғашқы «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы. Сонымен қатар, оның «Қарлығаш», «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымын» атты өлеңдері мен «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сияқты шығармалары тәрбиелік мәнге ие.
Бұдан бөлек “Адам іздеп жүрмін”, “Алтыным”, “Көңіл қымбат”, “Адам-өмір дәптері”, “Күн ұлымын”, “Біздің бапақ” сияқты шығармалары мектеп бағдарламасына енгізілген, ал «Жүректегі жазулар» мен «Алтыным» кітаптары бірнеше тілге аударылған.
Кездесу барысында ұлттық идеологияны насихаттау мен қазіргі жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру мәселелері және жазушының шығармашылығына 50 жыл толуына орай Шымкентте өткен шығармашылық кеш талқыланды. Ғ.Сыздықбеков ақынды мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.