БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫ БЕЛГІЛЕП БЕРДІ

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 30 раз

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан Республикасының жаңа банк заңнамасын жаңа редакциялық мәтін бойынша қабылдау туралы нұсқау берді. Бұл нұсқауды құптауға болады.

 

Себебі, жаңа заң еліміздегі екінші деңгейлі банк жүйесінің жалпы қызметі, оның ішінде, әсіресе, кредиттік жүйедегі олқылықтар мен кемшіліктерді түзеу арқылы банктік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге үлес қосады.
Келесі ретте ҚР Президенті: «Еліміздегі халықтың қаржылық, цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі нұсқаулығы қисынды болып келеді. Себебі, қаржылық кредиттер алып, оларды өздерінше тиімсіз жұмсау нәтижесінде бірқатар отбасылардағы қарым қатынастар жағымсыз сипатта көрініс беріп келеді. Бұл ретте қаржылық алаяқтардың әрекеттері, әсіресе, ұялы байланыс тетіктері арқылы жасалуда. Осыған орай, ұялы телефондардың нөмерлері тиісті тіркеуден өтпесе, оларды тіркеусіз қолдануға тыйым салу қажет», - деп атап көрсетті.
Қоғамда ұзақ уақыт бойы айтылып келген мәселе – бюджет тапшылығы туралы да Президент сөз қозғады. Үнемшілдікпен өмір сүру – бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығының жалғыз мүмкін рецепті, сондықтан бірінші кезектегі және стратегиялық емес міндеттерге шамадан тыс шығындар алынып тасталуы қажеттігін де атап өткен болатын. Сонымен қатар, Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бюджет ақшасын тиімді пайдалануға, шығыстарды шектеуге және қатаң бақылауға бағытталған пәрменді шаралар қабылдауы қажеттігін де ескертіп өтті. Осылайша Президент әртүрлі бағыттарға иілуге жол бермей, басымдықтарды нақты белгілеп берді.
6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша алдағы референдумға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Президент қойған міндеттер декарбонизация және экологиялық қауіпсіздік бойынша міндеттемелерді орындау кезінде энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді. Менің ойымша, халықтың көпшілігі атом электр станциясының құрылысын қолдайды, ал Үкіметтің міндеті – мердігерлерді таңдаудан бастап қоршаған ортаға әсер ету мен тәуекелдерді болжауға дейінгі жобаның барлық кезеңдері туралы қоғамды сенімді және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ж. ОРЫНТАЕВ,
М. Әуезов атындағы ОҚУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу
кафедрасының профессоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҮН ҚОСТЫ