СЛАВЯН ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЭС ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Пятница, 20 Сентябрь 2024 08:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 360 раз

2b75a968-896c-4ee1-a56c-097e6d0dd04c

Бүгін қалалық Пушкин атындағы ғылыми кітапханада Славян этно-мәдени бірлестігі мүшелерінің «АЭС - тұрақты, қауіпсіз және төмен көміртекті энергия көзі» тақырыбы бойынша жиыны өтті.⁣⁣⠀
Іс-шараға ақын-жазушылар және кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиынның мақсаты:⁣⁣⠀
Атом энергиясын дамытудың жан-жақты пайдасын, болашақтағы ролін талқылау. 2024 жылғы 6 қазанда АЭС мәселесі бойынша референдум өткізуге, Қазақстанда бірінші атом электр станциясын құру туралы шешім қабылдауға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Электр энергиясы мемлекет дамуының басты қозғаушы күші екенін ескерсек, Қазақстанда атом электр стансасының салынуы ел тәуелсіздігінің тағы бір көрсеткіші болары сөзсіз. Тұрақты түрде өсіп келе жатқан адамдар мен жаңа бизнес орталықтары электр энергиясына деген сұранысты арттыруда. Осы себепті электр қуатының тапшылығы қаупі бар. Атом электр станциясының құрылысы түбегейлі шешім болмақ. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шара барысында Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің биология кафедрасының профессоры Халима Сартаева АЭС салудың еліміз үшін⠀маңыздылығын айтып, бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды.⠀Сонымен қатар, биология кафедрасының доценті Роза Убайдуллақызы Мамықова, жергілікті фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий де аталмыш мәселенің төңірегінде пікір білдіріп, ойларымен бөлісті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиын соңында қатысушылар қазан айында өтетін АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀

“Шымкент келбеті” газеті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.