МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:01 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 552 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына үнемі көңіл бөлу керектігін айтып, мемлекет тарапынан жекеменшік білім нысандарына қолдау көрсетіліп келеді. Себебі, білім ошақтары қашанда заман талабына сай болуы тиіс. Мұны жергілікті кәсіпкерлер де жақсы түсінуде. Сол үшін қазіргі заманға сай жаңа технологиямен жабдықталған мектептер салынып жатыр. Бұл үрдісті әуел баста қарапайым халық түсінбегенімен, кейінгі жылдары «баламды тек жекеменшік мектепке бергім келеді» дейтін ана-аналар да пайда болды. Неге ата-аналар жекеменшік мектепке әуес? Таразылап көрдік.

jastar

 

Елімізде болған карантин уақытында, тойханалар мен басқа да бизнес нысандары жаппай білім ордасына айналып шыға келді. Алғашында ата-аналар білім сапасына, баланың тәртібіне алаңдаушылық білдірген еді. Кейбіреуі бизнес көзіне айналған мектеп деп алыстан қол сілтейтін. Араға бірнеше жыл салып, аға буын өкілдері бұл істің көзін тапты. Жақсы, жайлы өмірге тез бой үйрететін адам баласының әдеті ғой. Екі жақты саралай келе әркім өз талғамына қарай таңдауын жасайтын болды. Мәселен, Шымкент қаласында бүгінде 275 мектеп болса, оның 150-і мемлекеттік, 125-і жекеменшік білім ошақтары. Шаһарда күн өткен сайын халық санының көбейіп келе жатқанын ескерсек, болашақта мұның өзі аздық етуі мүмкін. Ал, сол жекеменшік мектептердің ішінде білім сапасы жоғары, қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысатын, спорттық ойындар, өнер түрлерінен алдыңғы орында жүрген мектеп бар.
Тассай шағын ауданында орналасқан Б.Шыңғысхан жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы пайдалануға берілген. Мектеп директоры Назира Сапарбекова оқу орталығын ашпас бұрын Тассай шағынауданындағы балалардың жан-жақты болуы үшін алдымен тегін үйірмелерді ұйымдастырады. Оқушылар өздері қалаған үйірмеге қатысып, жетістіктерге жеткен. Мысалы, шахмат, би, домбыра, қазақша күрес сынды үйірмелер бар. Үйірме арқылы оқушылар шет елдерге шығып жүлделі орындарға ие болған. Көршілес Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында өткен жастар арасындағы турнирінде 24 кг салмақ дәрежесінде Аңсар Жасұзақ жүлделі 1-орынға ие болыпты. Сондай-ақ, 11 сынып оқушысы Адия Абдусаттар Түркия мемлекетінің оқу орындарына шақырту алған. Бүгінде 400 оқушыны білімге, жан-жақтылыққа баулып отырған мектеп, заман талабына сай соңғы техникалармен жабдықталған. Бұл туралы мектеп директоры Назира Сапарбекова айтып берді.
– Әдетте, ата-аналар жекеменшік мектепті таңдағанда, оның орналасқан ауданы, сабақ кестесі, тасымалдау мен тамақтануы, сондай-ақ, жеңілдіктерге көп назар аударады. Бұдан бөлек, қандай үйірмелер бар, ата-ана үшін осы нәрселер маңызды. «Б.Шыңғысхан» ЖББ мектебінің ерекшелігі, үйірмелер тегін. Кей ата-аналар жұмыстың тығыздығына байланысты, балалардың үй тапсырмасына қарай алмайды. Сол үшін мектепте түстен кейін қосымша сабақтар оқытылады. Ал, маңыздысы стандартты білім беру бізде тегін. Қазіргі таңда даярлық сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар білім алуда, –дейді мектеп директоры.
Мектепте балалардың қауіпсіздігі 100 пайыз қамтамасыз етілген. Көлік тасымалы қарастырылған көрінеді. Сондай-ақ, барлық білім алушылар ыстық тамақпен қамтылған. Сынып бөлмелері қазіргі заман талабына сай техникалармен жабдықталған. Кітапхана, асхана, спорт залы да бар. Ал, жаздың күні балаларға арналған спорт ауласы да қарастырылыпты.
Мұнда білім беретін ұстаздардың басым көпшілігі жоғары санаттағы мамандар. Мәселен, 3 зерттеуші, 4 сарапшы, 5 модератор оқушыларға сабақ береді.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.