САРАПШЫЛАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 25 раз

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен "АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы" атты жиын өтті.

jastar

 

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен "АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы" атты жиын өтті.

Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты
Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова "АЭС - жасыл экологияға жол" тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.