Ұлт қайраткері – ұрпақ жадында Избранное

Среда, 04 Сентябрь 2024 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 152 раз

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 93 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері —ұрпақ жадында» атты тұлға ұрпақтарымен кездесу өтті.

Kairatker

 

Іс-шараға шақырылған қонақтар алдымен Өзбекәлі Жәнібеков ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін «Қазақстан» мәжіліс залында өткен ауқымды басқосуда ұлы Бауыржан Өзбекәліұлы, келіні Гауһар Жұмасейітова, Өзбекәлі Жәнібек қорының президенті Әзел Бауыржанқызы естеліктер айтты. Ал, көзкөрген замандастар мен жәнібековтанушылар Сайлаукүл Барақова, Құлбек Ергөбек жақсының асыл қасиеттерін естелікпен жаңғыртып, тұлғатану дәуірі енді басталғанын айтты.
Тағлымды жиынды Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. Қайраткерге арналған деректі фильм көрсетіліп, қонақтарға Өзбекәлі Жәнібеков портреті бейнеленген кілемше тарту етілді.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.