ІРГЕЛІ ОҚУ ОРДАСЫ БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Среда, 04 Сентябрь 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 163 раз

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Білім күніне арналған салтанатты жиын Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өтті.

 

Салтанатты шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек талапкерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, қала әкімінің грантына барлығы 129 үміткер ие болғанын атап өтті.
Бұдан кейін университет Басқарма төрағасы-Ректордың уақытша міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөз сөйлеп, үздік еңбеккерлерді алғыс хатпен марапаттады. Бірінші курс студенттеріне алтын кілт пен студентік билет табыстау, ант беру рәсімі болды.
Құрметті қонақтардың қатысуымен өткен шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әділет Жауғашар жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылының алғашқы сахнасында оқу ордамыздың мақтаныштары өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, биыл алтын ұямыз жаңа оқу жылын 8063 білімгермен бастағалы отыр. 2024-2025 оқу жылына барлығы 2201 білім алушы қабылданды. Оның ішінде – 1015-і мемлекеттік білім гранты болса, 129-ы – Шымкент қаласы әкімдігінің грантының иегері, 83 Алтын Белгі, 193 Үздік аттестат, 10 Қазақстан Респуликасының спорт шебері, 1 Халықаралық, 13 республикалық олимпиада жеңімпаздары және 30 IELTS сертификаттарын иеленген оқу озаттары таңдау жасады.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.