БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ТӘЛІМІ МОЛ ІС-ШАРА ӨТТІ

Пятница, 18 Октябрь 2024 05:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 77 раз

Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты № 9 кітапхана бөлімшесінде «Шипагер» үйірмесінің мүшелері және тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты денсаулық сағаты өтті.

 

Денсаулық – адам ғұмырындағы ең жоғары қымбат дүние. Әр адам баласы өз денсаулығына зейін бөліп, үнемі оған күтіп жасап отыруы маңызды. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Денсаулықтың нашарлауына жол бермей, салауатты өмір салтын қалыптастыру адамның өз қолында. Салауатты өмір салтын сақтау, дене жаттығуларымен айналысып қана қоймай, спортқа деген сүйіспеншілігімізді оятып, дұрыс тамақтанып, ағзамызға кері әсерін тигізетін әрекеттерден аулақ болу, бастысы, тазалық пен гигена шараларын сақтау – аса маңызды іс.
Осы мақсатта өткен жиында кітапханашы ретінде осы тақырыпта баяндама оқыдым. Денсаулықтың қадірі туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер тыңдалып, дәрумендердің пайдасы туралы мағлұмат берілді. «Дәрігер мен бала» қойылымы көрсетіліп, сергіту сәтінде ойын мен жаттығулар жасалып, балалар шапшаң қимылдары мен өз ептіліктерін көрсетті. Оқушылар қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын беліп, ой бөлісті. «Денсаулық - салауатты өмір кепілі» атты безендірілген тұрақты кітап көрмесіне шолу жасалып, насихатталды.
Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық, денсаулықты сақтау және нығайту әркімнің өз қолында. Балалардың денсаулығын күтуіне кеңестер беру, спортпен шұғылдануға бейімдеу, денсаулықты жақсарту мақсатында алдағы уақытта да осындай іс-шаралар ұйымдастырыла бермек.

Сәуле ЕСЕНҚҰЛОВА,
ОБКЖ-нің №9 кітапхана бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.