Аудан аумағындағы «ҚуатЖылуОрталық-3» МКМ қызмет көрсететін көпқабатты тұрғын үйлерге, барлық бюджеттік мекемелерге 15 қазаннан бастап жылу беріле бастады.
– Жылу қазандығы іске қосылғанымен үй ішілік құбырлар мен батареяларда, жертөледегі құбырларда қолайсыздықтар алды. Әл-Фараби ауданына қарасты тұрғындардың пәтерінен шағымдар түсті. Осыған орай құбырларда қалған ауаны шығару, басқа да техникалық қызметтерге «Қуатжылусервис» ЖШС, «Жилкомхоз» ЖШС-тері тартылды, – дейді Әл-Фараби ауданы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Б.Өтеулі.
Қазір «ҚуатЖылуОрталық-3» МКМ жылу қазандығы Әл-Фараби ауданы бойынша тұтынушыларды жылумен толық қамтамасыз етті.
Жылу жүйесіне байланысты сұрақтар болса, тұрғындар Әл-Фараби ауданы әкім аппаратының 54-96-54, «ҚуатЖылуОрталық-3» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 50-30-50 нөмірлеріне хабарласа алады.