АУЫРҒАН КІСІГЕ БАЛ ДА АЩЫ Избранное

Пятница, 11 Февраль 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1364 раз

Қазақстандықтардың жартысы коронавирусқа қарсы екпе алды

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 270 790 адам, 2-ші компонентін 8 844 300 адам салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 720 199 адам, ІІ-ші дозасын 415 555 адам салдырды. Өкінішке орай, 10 ақпан күні мәлімет бойынша
Қазақстан аумағында 20 сырқат - коронавирустан, тағы 3 адам - пневмониядан көз жұмды.

236

 

10 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – «қызыл», Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары – «сары», «жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.
Ал Шымкентте 9 ақпан күнге коронавирустың 37 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 29, белгілері жоқ – 8). 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 578 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 205 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 130 төсек-орын бар, 24 науқас ем қабылдап жатыр.
Шаһарда вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген вакциналар «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)», «Hayat-Vax», «QazVac», «CoronaVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ), «Спутник-Лайт» қолданылуда.
–Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің ең тиімді және қауіпсіз жолы – вакцинация. Ұлыбритания, Дания, Германия, Израиль сияқты дамыған елдер халықты 80% вакциналаумен қамту және ұжымдық иммунитетті қалыптастырумен бүгінгі күні карантиндік режимді шектеулердің барлығын алып тастады. Бұл елдерде балалар 5 жастан бастап вакцинациялаған. Әрине, ұжымдық иммунитетті ауырғандардың есебінен қалыптастыруға болады. Бірақ, бұл жағдайда адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болады және коронавирустың мутациялануына көбірек жол беріледі, - дейді Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Тұрымбетова.
Қазіргі таңда вациналау жұмыстарын жүргізу үшін Шымкентте 45 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.