Жалпы қалалық сенбілікке 30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Вuild Stroud» мекемесінің қызметкерлері және Қазығұрт шағынауданының тұрғындары бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау және толықтыру мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында 4000 дана ағаш көшеті отырғызылды және аумақтағы күл-қоқыс тазартылды.
Ол жұмыстарға 300 адам жұмылдырылып, 24 техника тартылды.
Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағына аталған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен 2000 түп қылқан жапырақты боз арша ағашы егілді.