Көшпелі көрме тарихтан сыр шертеді Избранное

Пятница, 18 Март 2022 04:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1302 раз

Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың бесінші күні «Тарихқа тағзым күні» аталып өтті. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары Арбат демалыс аймағында «Ғасырлар тоғысындағы көрмеде» тарихтан сыр шертетін жәдігерлер мен кітаптардан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.

518

 

Тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған мерекелік шарада қаладағы кітапханалар «Көне кітаптар көрмесін» жасақтаса, саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі өз экспонаттарын көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының «Тарихтан тағылым» атты ұлттық көрмесін де көрді.
Көпшіліктің көңілінен шыққан мерекелік шарада келушілер қала тарихы мен ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар туралы мәліметтерге қанық болды.
Қала тұрғындары мен қонақтары көрме жәдігерлерін тамашалумен бірге, көне кітаптармен танысып, үзінділер оқыды.
Мерекелік күн қаладағы мәдениет басқармасы ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ал, 18 наурыз «Игі істер күні» болып белгіленген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.