ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА ҚОРЖЫНДА Избранное

Среда, 17 Январь 2024 05:12 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1461 раз

Индонезияның Джакарта қаласында нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтуде. Бұл сында отандық спортшылар Олимпиада жолдамаларына ие болды.

olimp

 

Ұлттық құрама сапында шымкенттік спортшы Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермей құрлық жеңімпазы атанды.
Осы бағдарламада екінші орынды Үндістан, үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы жеңіп алды. Никита Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.
Бұл – Шымкент қаласы спортшыларының Париж олимпиадасына алғашқы жолдамасы. Шаһарда Олимпиада ойындарына жалпы 10-нан аса жолдама алу жоспарланып отыр.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.