Ұлттық құрама сапында шымкенттік спортшы Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермей құрлық жеңімпазы атанды.
Осы бағдарламада екінші орынды Үндістан, үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы жеңіп алды. Никита Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.
Бұл – Шымкент қаласы спортшыларының Париж олимпиадасына алғашқы жолдамасы. Шаһарда Олимпиада ойындарына жалпы 10-нан аса жолдама алу жоспарланып отыр.