ARMBACK СПОРТЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ Избранное

Среда, 14 Август 2024 05:54 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 965 раз

12-тамыз - Халықаралық жастар күніне орай ерекше балалар арасында жаңа ArmBack спорт түрінен сайыс өтті. Республикалық фестивальге Алматы, Ақтау, Петропавл, Атырау, Семей, Өскемен қалаларынан қатысушылар келген.

Cport

 

ArmBack - жаңадан ашылған спорт түрі. Іс-шараны жаңадан құрылған “Жас жауынгер” қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Садық Байымбетовтың айтуынша, сайыс ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен. Спорттық фестивальді одан әрі дәстүрге айналдыру жоспарда бар.
ArmBack спорт түрінен республикалық фестиваль елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдау көрсетті.
Ұйымдастырушылар әлеуметтік жобаны еліміздің басқа қалаларында да өткізу жоспарда бар екенін атап өтті.
Айта кетсек, спорт фестивальде ерекше қажеттілігі бар балалар сайысып, жеңімпаздар анықталды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.