5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының дирекциясы «I AM NOMAD» челленджін бастады

Среда, 28 Август 2024 12:56 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 658 раз

66cf020eaf8eb 1Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында Ойындар дирекциясы «I AM NOMAD» атты бірегей әлеуметтік желілер челленджінің басталғанын хабарлайды. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың басын біріктіріп, оларды жылдың басты оқиғағаның бір бөлшегі болуға шақыруға бағытталған.

Челленджге танымал тұлғалар да қосылды. Қалың көрерменнің сүйіктісі, танымал актер Асылхан Төлепов барлық жанкүйерді Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысуға және еркіндік пен көшпелі өмірдің рухын бейнелеген қозғалысты қолдауға шақырып, алғашқы қатысушылардың бірі болды.

Сонымен қатар, бұл челленджге танымал оңтүстік кореялық әнші Сон Вон Соб та қосылды.Ол көшпенділер мәдениетіне деген таңданысын білдіріп, Азия мен әлемнің басқа да аймақтарындағы жанкүйерлерін осы шабыттандыратын жобаға қатысуға шақырды.

Челленджге қатысу өте оңай: қазіргі әлемде көшпенді болу нені білдіретіні туралы қысқаша бейнежазба жасап, оны әлеуметтік желілерде #IAMNOMAD хэштегімен жариялау жеткілікті. Әрбір қатысушы еркіндік пен шытырман оқиғаларды сүйетін адамдарды біріктіретін жаһандық қозғалыстың бір бөлігіне айналады.

Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank.

Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.