«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ДА ҮН ҚАТТЫ

Четверг, 12 Сентябрь 2024 12:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 244 раз

Шымкенттегі Достық үйінде "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ғалымдар, студент жастар жиналып, "Бейбіт атом: болашағы мен қауіпсіздігі " тақырыбында басқосу өткізді.

refer-1

 

Кездесуде елімізде өткелі жатқан АЭС салу мәселесі бойынша референдумның маңызы, атом энергетикасының пайдасы мен зияны сөз болды.
-Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар еке­нін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әр­тараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға зиянды қалдық шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзі­не жатады. Және болашақ жастарға ғылым жағынан, жұмыс көзі ретінде үлкен мүмкіндік деп білеміз, - дейді Шымкент қаласы "Ассамблея жастары" бірлестігінің төрағасы Нұрболат Мейірбеков.
Сонымен қатар, Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Қалмырзаев, ғалым Роза Мамықова, Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Сайма Ақбердиева жастар алдында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтарға тоқталды.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.