Жинақ өсімі 1 трлн теңгеден асты

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 492 раз

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 7,8 %) асты.

 

Қазақстандықтардың жинақтарының 97% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылды. МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарында 1 қазанға 13,7 трлн теңге жинақталған (бір жылдағы өсім 7,4% құрады). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 қазанынан бастап 21% ұлғайып, 422,4 млрд теңгені құрады. Ең үлкен өсімді – бір жылда 90% астам – ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, олар шамамен 3,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың 1 қазанына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12 млн бірлікке жетті. Оның 10,9 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылды. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар саны 584 742 болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан ЖЗШ саны 349 277-ге жетті.
Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 47,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,6 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,8 млрд теңге, жерлеуге төлемдер 4,1 млрд теңге сомасында жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 19,5 млрд теңге аударылды.

БЖЗҚ баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.