«Таза қала» жеңімпазы дауыс беруге қатысты

Воскресенье, 20 Ноябрь 2022 08:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 579 раз

WhatsApp Image 2022-11-20 at 14.36.54

Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Рахиева №91 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қ.Рахиева жуырда Шымкент қаласында өткен «Таза қала» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Әл-Фараби ауданындағы ең таза, ең көрікті аула осы – Қарлығаш Рахиева тұратын Әлімбетов көшесіндегі №45 в тұрғын үйдің ауласы.

– Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген азаматшалардың бірімін. Мен тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары белсенді, ынтымақты, жауапкершілігі мол жандар. Тұрғындар әр бастамамызды қолдайды. Бүгін біз көршілерімізбен бірге келіп, даусымызды бердік, - деді қала жанашыры.

Қаламыздың көркейіп, абаттануына үлес қосып жүрген қала тұрғыны сайлауда белсенділік танытып, қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды.

Атап өтсек, үлгілі ауланың тұрғындары бұл күні көршілерімен бірге аулада сенбілік ұйымдастырып, тазалыққа жаны жақын екенін тағы бір көрсетті.

"Шымкент келбеті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.