СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

Понедельник, 04 Сентябрь 2023 10:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 859 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдау барысында маған  жаңаша даму үлгісіне көшу идеясы өте ұнады.

17

 

 Әлбетте, саяси реформалар өз жалғасын табуда, қоғамда сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар да маңызды.

Биылғы Жолдауда көтерілген мәселелердің ішінде су шаруашылығы жүйесін реформалау қажеттілігіне басымдық берілді.

«Су тіршілік көзі» десек, су тапшылығы бүгінгі таңда жаһандық сипатқа ие болып отырғаны рас. Өздеріңізге мәлім, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруда судың маңыздылығы зор. Бұл мәселеде диһаншылар мен шаруалардың айтары көп.

Суды үнемдеудің жолдарына тоқталған Тоқаев алда су тапшылығы артатынын айтып, шұғыл шаралар қажет екендігіне тоқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынына, күн тәртібіндегі мәселенің алдын алуда жүйелі даму жұмыстары жүргізілетініне басымдық берді.

Су ресурстары министрлігін құру стратегиялық қадам деген болар едім. Су мәселесі көрші елдермен татулықта, ынтымақтастықта болудың алғышарттарына айналуы мүмкін.

Су тапшылығы қордаланған мәселелелердің бір тармағы ретінде қарастырылғанымен мұнда комплексті түрде жұмыстар жүргізілуі тиіс.  Гидромелиорация, гидротехникалық құрылыстар, т.б. саласындағы атқарылатын жұмыстар өзара тығыз байланысты.

Қоғамымыздың  алдында ауыз су мен егін суды пайдалану мәдениетін арттыру, су үнемдейтін технологияларды енгізу қажеттілігі тұрғаны айқын. Тіршілік көзіне деген сұраныс қай уақытта болмасын өзекті.

 

 Сауле Жақсыбайқызы Рысбаева,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты

Последнее изменение Понедельник, 04 Сентябрь 2023 10:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.