Тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жасанды интеллект туралы

Вторник, 10 Октябрь 2023 05:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 459 раз

2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында өткен "міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары" жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында өткен панельдік сессияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" пікірталастың шыңыболды. Сессия жүргізушісі – қазақстандық қаржыгер Әнуар Сәйденов.  

Сессия спикері, тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия) соңғы онжылдық ішіндегі ең келешегі зор технологиялардың бірі "Жасанды интеллект – зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудың досы ма, әлде жауы ма?" тақырыбында сөз сөйледі.

Баяндамашы жасанды интеллект 4-ші өнеркәсіптік революцияның маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол қарыштап дамып келе жатқан және автоматтандыруды, өнімділікті арттыруға, қолжетімділік пен ауқымдылықты жетілдіруге, жаңа бизнес-модельдерді құруға бағытталған әртүрлі технологиялардың кең ауқымын қамтитынын атап өтті.

Баяндамада ол "цифрлау" терминін ерекше атап өтті, яғни бизнес-үрдісті немесе оның бір бөлігін түпкі мақсаттарын айтарлықтай өзгерістерге ұшыратпай цифрлық түрге аудару. Үрдістерді цифрлаудың мысалы зейнетақы өтініштерін беру болды, олар бойынша шешімдер адамның ең аз мөлшердегі бақылауымен қабылданады. Зейнетақы жарналарын, төлемдерді жүзеге асыру, тіркеу, деректермен алмасу және т. б. онлайн режимінде жасалады.

Баяндамашының пікірінше, "цифрландыру" – бұл біршама өзгеше ұғым.

Цифрландыру цифрлық деректерді талдау нәтижесінде алынған түсінік пен білімге негізделген бизнес-үрдістерге елеулі өзгерістер енгізу барысында жаңа және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, бұл жұмыс берушілер, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру органдары арасындағы еңбек қызметінен зейнетке шығуды қамтамасыз ететін ақпарат алмасу.

Жасанды интеллект метадеректерді (басқа деректерді сипаттайтын деректер), масштабты, тереңдікті және ұзақ мерзімді сипатқа ие бұлтты деректер қоймаларын тиімді пайдалануға, бұлтты есептеу арқылы оңтайлы шешімдерді модельдеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қамсыздандыруды басқару жүйесіндегі цифрлау және автоматтандыру – бұл түрлі ашулар мен өнімділікті арттырудың үздіксіз жолы.

Баяндама барысында Брайан Ли-Арчер өзара тығыз байланысты "цифрлық жатырқау" және "әлеуметтік оқшаулану" сияқты құбылыстарды талдады.

Жаһандық цифрландыруға қарамастан, халықтың кейбір бөлігі үшін цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдысы жат нәрсе және олар интернетті пайдаланбайды. Осы санатқа жататын адамдарға оқшаулану қаупі төніп тұр.

Осылайша, цифрлық алшақтық әлеуметтік теңсіздік пен кемсітушіліктің жаңа факторына айналады. Интернет қажетті ресурстар мен білім алуға мүмкіндік береді, бірақ қолжетімділіктің болмауы кедейлік пен адамдардың басқа да мәселелерін күшейтеді. Осылайша жасанды интеллект мәселелерді шешуі де, керісінше, оларды асқындыруы да мүмкін.

Баяндамашы жасанды интеллекттің даусыз артықшылықтары мен әлеуетін сипаттай отырып, егер ол дұрыс бақыланбаса, орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті. "Жасанды интеллект дос та, жау да емес. Ол барлық басқа технологиялық өзгерістер сияқты сауатты басқаруды қажет етеді. Жасанды интеллект адамға бағытталған шешімдердің жаңа жолдарын ашады. Бірақ жасанды интеллектті әдептен озбай, асқан жауапкершілікпен пайдалану қажет", - дейді Брайан Ли-Арчер.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.