БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ Избранное

Среда, 14 Август 2024 05:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 873 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай «Еңбек - бәрін де жеңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

jumiS

 

Сала жетекшілері жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Алдағы уақытта тұрғындар өз кәсіптерімен айналысып, тұрақты жұмыспенде қамтылмақ.
Қалада жұмыссы жастардың деңгейін төмендету шаралары басқарма тарапынан қарқынды жүргізілуде. Аталған мәселені шешу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Таяуда ғана дәл осы саябақта кезекті бос орындар жәрмеңкесі өткен болатын. Мақсаи - екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек көрсету. Игі шараға мұрындық болған Жұмыспен қамту орталығы.
Жәрмеңкеге қаладағы мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардан 30-ға жуық жұмыс беруші қатысты. Оның ішінде «Назар Текстиль» ЖШС, Болашақ колледжі, Қалалық перзентхана, ЖШС «Гаухар» тігін фабрикасы, ЖШС «Alfa Med», ЖШС «Bal Tekstil», ЖШС «Bilim-Land» мектебі, ЖШС «Front line», ЖК «Бейсебаев» 30-ға жуық жұмыс беруші мекемелер және Еңбек мобильді орталығы бар.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.