«FIRST CONCRETE COMPANY» ЗАУЫТЫ ҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ Избранное

Среда, 14 Август 2024 06:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 850 раз

Сайлау алды бағдарламаның орындалуы «AMANAT» партиясының назарында. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс нысандары мен қала аумағындағы өндіріс орындарының жұмыс барысына бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңес «Жұлдыз» индустриалды аймағында көшпелі отырысын өткізді.

Kompani

 

Зерделеу жұмыстарына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, комиссия мүшелері Бақытжан Жақсықұлов, Жанзақ Алибеков, Хайрулла Сарсенов және Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов қатысты.
«Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан «First Concrete company» ЖШС – темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысы 2022 жылы басталған. Мердігер компанияның мәліметінше ағымдағы жылдың қараша айында зауыт пайдалануға беріледі. Ивестициялық құны – 4,7 млрд. теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың өндірістік қуаты жылына 60 мың текше метрді құрайды. Аталған нысанның құрылысы қазіргі таңда 90 пайызға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 180 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.