ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЕЗ АРАДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Пятница, 23 Август 2024 06:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 230 раз

Шымкент қаласының әкімі жыл басынан бері бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен арнайы кездесіп жүр. Кезекті тұрғындармен кездесу - "Бозарық" шағын ауданында жалғасын тапты. Онда елдімекеннің орналасу жоспарына өзгерістер енгізу, шалғай көшелерге табиғи газ бен кәріз жүйесін жүргізу мәселелері талқыланды.

 

Әкім Абай ауданындағы «Қамқорлық» №8 балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Орталықтың жағдайын тексеріп, қызмет алатын балалардың ата-аналары үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Нұршуақ» шағын ауданындағы «жайлы» мектептің құрылысымен танысқан әкім мердігер ұйымға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды міндеттеді.
Сондай-ақ, «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы көкөніс пен жемістерді өңдеп, консерві шығаратын кәсіпорынға барып, тауарларды сатуға қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Ал «Қызылжар» шағын ауданының тұрғындары әкімге табиғи газ, ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Инфрақұрылымдық жұмыстарды жеделдету тапсырылды.
Аралау барысында әкім «Ақтас» шағын ауданындағы қаңғыбас жануарларға арналған орталықты тексеріп, жануарларды ұстау ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.