АЭС БАРЛЫҚ САЛАЛАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Среда, 11 Сентябрь 2024 11:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 148 раз

Қазіргі таңда белгілі болғандай энергетиканың тиімділігі әрқашан кез келген саладан алда келеді. Болашақта да осы қарқынды дамыта беру керек. Оны дамытпасақ, бізде ешқашан экономика болмайды.

Без имени-1

 

Ал атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс болып табылады. Оның пайдасы ғылым үшін, өнеркәсіп, кадрлар даярлау үшін де сөзсіз тиімді болмақ. Сонымен бірге атом электр станциясы - атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Атом стансасының бір тиімді жері ауа-райы жағдайына қарамастан тәулік бойы қажетті электр энергиясын өндіре беретіндігінде. Адам капиталын дамытады.
Атом энергетиксын ойдағыдай дамыта алсақ өз кезегінде ғылыми зерттеулер көптеп жасалады деп ойлаймын. Жоғары технологиялық өнімдерді экспорттау көлемі де артатын болады. Сондай-ақ, елдің өркендеуіне әсер ететін көптеген салалардың үздіксіз дамуына жол ашады.
Ендігі кезекте елімізде АЭС салу туралы жалпыұлттық референдумда ел болашағын ойлаған барлық қазақстандықтардың дұрыс шешім қабылдауы өз қолында.


Сейдулла КЕҢЕСБАЙҰЛЫ,
Қоғамдық белсенді

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.