ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Четверг, 12 Сентябрь 2024 12:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 130 раз

Еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орны – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері болашақта отандық атом индустриясында қызмет ете алады. Олар бұған қажет білім мен біліктілікке ие. Сонымен қатар, АЭС еліміздегі өндірісті және көптеген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтере алады. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері студенттермен, жас ғалымдармен және белсенділермен кездесу барысында айтты.

refer

 

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін ерекше атап өтті. АЭС түрлі тәуекелдің алдын алып, елімізді қуатты энергетикалық базасы бар прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосады.
«АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алады. Бәріңіз де экономикасы дамыған, болашағы зор, қуатты да тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргілеріңіз келетіні сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көздегені – осы. Қазіргі қолға алынып жатқан істер, ең алдымен, сіздер үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт жетті. Ал батыл шешімді қабылдайтын – жастар! Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деді Ерлан Қошанов жастарға қарата айтқан сөзінде.
АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Осы мақсатта атом энергетикасын дамытудың болашақ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадр даярлаудың жеке Жоспары әзірленіп, оның негізінде қажетті мамандар даярланады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.