7 директорды зейнетке шығарып салды Избранное

Пятница, 25 Май 2018 05:01 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3994 раз

Шымкентте 7 мектеп директорын зейнетке салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров, қалалық білім бөлімінің басшылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Директорлар 2

Шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған жиында қала әкімі ұстаздарға алғысын білдірді.
- Ұстаз – адам жанының инженері. Олар өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеумен, олардың жанына ізгілік дәнін себумен өткізеді. Балаға өмірлік қуат болатын тәрбие беретін ұстаз шыншыл, білімді әрі білікті болары сөзсіз. Бүгін біз осындай жандармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздерге мың алғыс, құрметті ұстаздар! – деген Нұрлан Сауранбаев мұғалімдерге қала тұрғындары атынан алғысын жеткізді.
Құрметті еңбек демалысына шыққандар арасында №7 мектептің директоры Алшынбекова Орынкүл Жұмабайқызы, №64 мектептің директоры Асылбекова Зейнегүл Атабекқызы, №35 мектептің директоры Бершімбаева Айжан Серікбайқызы, №68 мектептің директоры Кенжебаев Құрбанәлі Мамырұлы, №52 мектептің директоры Молдабекова Күлзада Зиятқызы, №45 мектептің директоры Пак Роза Викторовна және №96 мектептің директоры Сүлейманқұлов Хикмат Хамракұлұлы бар.
Өз кезегінде ұстаздар да Шымкент қаласының әкіміне осындай құрмет көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл педагогтардың суреттері өз оқушыларының алғыс сөздерімен бірге қаладағы баннерлерге ілінеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.