«Smart Square» орталығы ашылды Избранное

Среда, 28 Ноябрь 2018 05:09 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1115 раз

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына тарту ретінде оқу ордасының базасында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

133

 

Университет басшысы Дария Қожамжарова ҚР Жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысқан қонақтарды білім ордасынан ашылған «Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығымен таныстырды.
Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша білімгерлерге сапалы әрі жылдам қызмет көрсетпек. Студенттерге білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-тынығу бағыттарындағы қызметтер ұсынылады. Олар оқу орнында пайдаланатын бірыңғай код арқылы орталықтағы 7 секторда ұсынылатын қажетті қызметтерге қол жеткізбек.
Ақылды технологиялардың көмегімен қызмет көрсету алаңында 40-50 студент бір уақытта анықтама ала алады. Университет ректоры бұл орталықты жоғары оқу орнындағы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алатын, білім беру сапасын арттыратын студенттерге арналған ашық алаң екенін атап өтті.
Бұл күні университетте «Қазфосфат» атты жаңа зертхананың лентасы қиылды. Жаңа зертхана екі жақты келісім аясында химия-технологиялық мамандарын өндірістік жұмыстарға бейімдеу мақсатында студенттер игілігіне беріліп отыр. Ал «Қазфосфат» ЖШС бас директоры
Мұқаш Ескендіров компанияның биыл 17 млрд теңге инвестиция құйғанын айтты. Екі жақты келісімге сәйкес білікті мамандар даярлау арқылы бұл салымды алдағы жылдары 40 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отыр.