Болашаққа - кітаппен! Избранное

Пятница, 01 Февраль 2019 04:53 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5785 раз

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап қалай пайда болды?» атты библиографиялық медиа-сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Болашаққа кітаппен 3

Библиограф М.Алиева оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп өтті. Еліміздің мәртебесін жоғары көтеретіндей азамат болу үшін көп кітап оқу керек екенін де ескере кетті.
Сабақта оқырмандарға кітаптың ең алғаш қайда және қалай пайда болғаны жайлы, оның ең көне түрлері және заман талабына сай шығарылған электронды кітап жайында слайд көрсетілді. Кітап оқыған адамның білім көкжиегі кеңейе түседі дейді оқытушылар.
Оқушылар кітаптың заманауи баспаханаларда қалай басып шығарылатыны жайлы бейнероликті тамашалады. Ал белсенді оқырмандар арасынан Аяна Амантай өзі шығарған «Кітап – ең сабырлы ұстаз» атты эссены оқып шықты.
Медиа-сабақ соңында «Ғасырлардан сыр шерткен» көрме-шежіресіне шолу жасалып, «Кітапты жаңаша оқу» ойыны ұйымдастырылды. Библиографиялық сабақ соңында кітапхана атынан белсенді оқырмандарға сыйлықтар тапсырылды.

Ф.Ахлиукова,
облыстық Ы.Алтынсарин 
атындағы балалар
кітапханасының қызметкері

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.