×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Ынтымақ-бiрлiкке ұйысқан күн Избранное

Пятница, 27 Март 2015 05:08 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3817 раз

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Шымкентте «Тағзым күні» атап өтілді. Бұл күні қала жұртшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларды еске алып, Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойды.

DSC 0023Жиылған көпшіліктің ортасында болған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Уәли атаулы күннің мән-маңызына айрықша тоқталып, жүрекжарды лебізін білдірді.
– Наурыз мейрамын тоғыз күн атап өту – Оңтүстік өңірінде қалыптасқан дәстүрге айналды. Бабаларымыздан аманат болып жеткен ұлық күнді өз деңгейінде атап өту – бізге борыш. Ендеше, елдің ертеңі үшін жанын құрбан еткен асыл ерлердің рухына тағзым етуді осындай шаралар арқылы бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру басты міндет, – дейді Берік Уәли. Қаланың белсенді жастары да бабалар руxына құрмет көрсетіп, мәңгілік алаудың алдын гүлмен көмкерді.
Бұл күні сондай-ақ, қаланың барлық мешіттерінде қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтары насихатталды. Жиылған жамағатты арнайы Наурыз мерекесімен құттықтаған Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев «Шәкірбай қажы» мешітінде, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов «Әл-Біләл» мешітінде, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов «Қаттани» мешітінде, ал, Қаратау ауданының әкімі Ғалым Исмайлов «Байғұт баба» мешітінде жұма намазына қатысты.