×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қазақ хандығының тарихы зерделендi

Пятница, 03 Апрель 2015 06:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4170 раз

«Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы». «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында өткен «дөңгелек үстел» жиыны осы тақырыпқа негізделді. Қазақ хандығының 550 жылдығы арқау болған шараға аталмыш жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

jastar dausy1Жиында баяндама жасаған азаматтар мұндай басқосулар шын мәнінде, жастардың саяси тұрғыдан таным-түсінігін ұлғайтып, ұлтжандылық сезімін нығайтуға, қоғамдық шаралар барысында белсенділігін арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
– Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, мемлекеттің нығайып, қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Әз Тәуке, Абылай, Тәуекел секілді хандардың әрқайсысының тарихта ойып тұрып алатын орындары бар. Бүгінгі ұрпақ өз тарихын құрметтеп, осындай ұлы бабаларымыздың ерен еңбегін лайықты бағалай білсе біз сол тұлғаларымызбен мақтана алатын дәрежеге жететін едік. Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту – ұлт мерейі үшін үлкен мәртебе болмақ, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Жаңа технологиялар колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Сапарбек Сахов.
«Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Абзалбек Убелтаев осы орайда, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін мұндай жиындар қаладағы өзге де жоғары оқу орындарында жалғасын табатынын атап өтті.

jastar dausy

Другие материалы в этой категории: « Шымкент жасара, жаңара түспек «Тiлдарын – 2015» »