«Тiлдарын – 2015»

Пятница, 03 Апрель 2015 06:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6522 раз

Жастардың үш тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау мен қолдау, мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастырумен «Тілдарын – 2015» қалалық байқауы өтті.

IMG 8236Байқауға 18-21 жас аралығындағы қаламыздағы ЖОО, орта арнаулы оқу орындарының 28 студенті өтініш білдіріп, олардың ішінен 12 үміткер іріктеуден өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеп, берілген тапсырмаларды жақсы орындап, қойылған сұрақтарға орамды жауап берген ОҚМПИ студенті Асқар Айдана, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенті Икрамова Зарина және ОҚО Фармацевтикалық академиясының студенті жүлделі ІІІ орынды иеленсе,
М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенті Мутиева
Гунель мен Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенті Құлбек Арман ІІ орынды және М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенті Асылбекова Динара І орынды жеңіп алды.
Ал, ОҚО Фармацевтикалық академиясының студенті Өтеген Аяна бас жүлдені қанжығасына байлады.
Шымкент қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту орталығы» директорының орынбасары Жадыра Тулеева жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар табыстап, оларды диплом және Алғыс хаттармен марапаттады.

А. Тузулбаева,
Шымкент қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту орталығының» ағылшын тілі
оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Қазақ хандығының тарихы зерделендi Қасым хан »