Шымкент жасара, жаңара түспек

Пятница, 03 Апрель 2015 05:44 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3578 раз

shymk shyraiy2Табиғат тосын мінез танытып, ауа райы «етек-жеңі жиылмай, жатып алды қыс мынау» дерліктей болып тұрғанымен көктем өз күшіне енетіні анық. Яғни, көктемгі жұмыстар жалғасын табады. Осы орайда, қала аумағында 2,5 мың гектар алқапқа көшет егілмек. Бұған дейін де осыншама алқапқа ағаш отырғызылған болатын. Бұл ағаштардың күтімі де ескерілген. Жаңадан құрылған «Жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жас көшеттерді қамқорлығына алатын болады. Айта кетелік, қаланың бас жоспарына сәйкес, жасыл аймақтың аумағын келешекте 26 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатындағы игі істер ауқымы жыл санап артып келеді. Мысалы, соңғы бес жылда миллионнан астам түп қарағаш, үйеңкі, өрік, жиде секілді ағаштардың көшеттері қала аумағында, іргелес аудандардан алынған жер телімдерінде отырғызылған болатын. Мамандардың мәлімдеуінше, егілген көшеттердің бүгінгі таңда 75-80
пайызы жерсінген. Жасыл – жасарудың нышаны, яғни бұл игі істер Шымқаланы атына сай жасыл аймаққа айналдыру мақсатында атқарылуда.
Сондай-ақ, биыл Шымкентте 124 көшені жөндеу жоспарланған. Кейбір учаскелерде жұмыс басталып та кетті. Бұдан бөлек, 13 магистральдік көшені және қаланың алты шағынауданында ішкі жолдарды қайта жасау, жаяу жүргінші жолақтары құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Өткен жылы қалалық бюджеттен жол құрылысы, қайта жөндеу, жөндеу жұмыстары, жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құрылғылар жүйесін қосу және олардың жұмыс істеп тұруына 738,9 млн. теңге бөлінгенінен оқырмандарымыз хабардар.
shymk shyraiy1Қаланың тазалығы да назардан тыс қалған емес. Бұл бағытта Шымкентте қалдықтарды бөлек жинау бойынша жоба енгізілмек. «Шымкент-инновация» компаниясы мамандарының айтуынша, алдымен шымкенттік шағынаудандардың бірінен 20 үйді қамту көзделіп отыр. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарта түсу бағытында қолға алынып отырған жоба қоқыстарды сұрыптауды және одан әрі қайта өңдеуді көздейді. Сонымен қатар, жоба қоқыс қалдықтарын сұрыптап жинау жөніндегі қала мәдениетін орнықтыру үшін жүзеге асырылмақ. Жобаның тиімді жүзеге асырылуы қала тұрғындарына да тікелей қатысты екені мәлім. Өйткені, шымкенттіктер қоқысты орнымен тастауды ұмытпауы тиіс және дағдыға айналдыруы маңызды. Жоба бастамашыларының мәлімдеуінше, жаңа контейнерлер екі түсті болмақ. Көк контейнерге қатты тұрмыстық қалдықтарды салу қажет. Ал жасыл контейнерлерге қағаз, полиэлитен, әйнек, ағаш сияқты қоқыстар тасталады. Ол қоқыстар қайта өңделмек. Демек, қаланың тазалығына қала тұрғындары да жауапкершілікпен қарап, әрі мүдделі болғаны жөн.

«ШК-ақпарат»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.