Көпшiлiктi қазақ әнiмен таңғалдырды

Пятница, 26 Февраль 2016 07:46 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6635 раз

Соңғы күндері әлеуметтік желіде Қытай Халық Республикасы төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды. Пэн Лиюаньнің қазақ әні «Қарлығашты» шырқауы көпшілікті таң-тамаша қалдырды. Ғаламторға жүктелген роликте ол ханзу тілінде шырқалады.

qytaiАйта кетейік, әйгілі шығарманың сөзін 1941 жылы драматург Ибадолла Матақов А.Жұбанов басқаратын хор капелласында ән салатын Жәмила Ахметова деген қызға ғашық болып шығарады. Өлеңді ұнатқан композитор автормен келісіп, ән жазады. Радиода, сахнада орындалған әуен елге кеңінен танылады. Сөйтіп 40-50 жылдары халықтың сүйіп тыңдайтын туындысына айналады. Қызығы сол, махаббат туралы әннің арқасында Ибадолла мен Жәмила қосылады.
Бұл Қытай ханымының халықтар әнін бірінші рет орындауы емес. Ол Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейге іс-сапарамен келгенде Александров атындағы ән және би академиялық ансамблінің сүйемелдеуімен орыс әнін шырқап береді. Пэн Лиюань 18 жасынан Қытай халық-азаттық армиясы сапына қосылып, әскери бөлімдерге гастрольге шығып тұрған. Тіпті осы қызметте генерал-майор шенін де иеленген көрінеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.