Жастарға жалындаған жарасады

Пятница, 26 Февраль 2016 08:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4121 раз

«Ерлік – ұрпаққа мұра». Осындай атаумен Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Ауған соғысы ардагерлері мен студент жастардың басқосу жиыны өтті. Бүгінгі жастар бейбіт күннің қадірін біліп жүр ме? Патриот болуды қалай түсінеді? Қан майданнан туған жерге аман-есен оралған жауынгерлердің әңгімесі осы жайында өрбіді.

12744595 1547930872201842 3195763566847788774 nҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен жиынды «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Ауған соғысы ардагерлері Мәделхан Тоғаев пен Ғалымжан Орынбаевтың әсерлі әңгімесін студент жастар ұйып тыңдады. Іс-шараның мақсаты да жанқиярлық ерлік жасаған азаматтарды жастарға таныту.
Олар – Кеңес әскері сапында Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарғандар. 1979 жылы Ауғанстанда басталған сұрапыл соғыста Кеңес әскерлері ерлік көрсетті. Қаншасы елі үшін жанын пида етсе, бірқатары жоғалып та кеткен.
Мәделхан Жолшыханұлы мен Ғалымжан Жанәбілұлы соғыстағы нәубет жылдар мен қарулас достары жайында естелік айтып, Тәуелсіздікті қадірлей білуге үндеді. Қазіргі жастар белсенді де білімді болу керек. Ауған соғысының ардагерлері мектеп қабырғасынан патриот болуға ұмтылып, студенттерді білім алуға, оны ел қызметіне жұмсауға шақырды.
Оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәттімбек Хабдыразақұлы келген қонақтарға алғысын айтты.

Последнее изменение Пятница, 26 Февраль 2016 08:33
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.