Қазақстан – түрлi ұлттарды бауырына тартқан құтты мекен

Пятница, 26 Февраль 2016 06:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4692 раз

gabdirakhymovҚұрметті Шымкент қаласының
тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді елімізде алғаш рет аталып өтетін 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қабылдады. Өйткені Алғыс айту күні – барша қазақстандықтарға арналған, ұлттар бірлігін жаңа деңгейге көтеретін жалпыұлттық мереке. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келетін мейрам ұлыстар достығын нығайта түсетініне сенімдіміз.
Қазіргі таңда елімізде 100-ден аса ұлттар өмір сүреді. Олар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи, мәдени дамуына өз үлестерін қосып келеді. Тарих тоғыстырған ұлттардың бекем бірлігі мен татулығы бүгінде Қазақстанның басты табыстарының бірі.

Құрметті шымкенттіктер!

Биылғы Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейлі 25 жылдығын бір мүдде төңірегіне бірігіп, қарсы алған еліміз дамудың таңғажайып белестеріне жете алатынын көрсетіп отыр. Елбасы ұсынған 5 реформаның төртіншісі біртектілік пен бірлік деп аталады. Бұл түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтасуын көздейді.
Баршамызға Алғыс айту күні құтты болсын! Береке-бірлігіміз берік, ырыс-ынтымағымыз нығая берсін! Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекеніне айналсын!

Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Последнее изменение Пятница, 26 Февраль 2016 07:19
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.