Ұлыс күнiн ұлықтады Избранное

Пятница, 18 Март 2016 04:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3819 раз

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы мен аудан-ауылдардан жиналған белсенді жастар Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызды тойлады. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан ұлттық нақышта киінген қыз-жігіттер көңілді, қол алысып, төс қағыстырып, бір-бірін мәре-сәре құттықтауда.

IMG 5509О баста ашық аспан астында тойланатын болып шешілген шара, толассыз жауған жаңбырдан кейін ғимарат ішінде өтті. Дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татты жиналғандар.
Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбіл жастарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
– Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Барша жасты осынау мерейі тасыған мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің облысымызда 700 мыңнан астам жас бар. Ол өңір тұрғындарының 30 пайызын құрайды. Қоғамдық істердің жаршысы боп жүрген сіздерге толағай табыс, баянды болашақ тілеймін, – деді Ұласбек Сәдібеков.
Ал жастар болса бар өнерін аянып қалған жоқ. Әннен шашу шашылды, күй де төгілді. Көрініс көрсетіліп, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүріміз дәріптелді.

10665197 898112190286845 6779609796500222160 n