«Қазығұрт KZ» журналының тұсауы кесiлдi

Пятница, 18 Март 2016 05:04 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4195 раз

Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында ақын-жазушылар бас қосып, жетістіктер мен алдағы жоспарды талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Журналистер одағының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, ақын Жанарбек Әшімжан арнайы қатысты.

qazghurt zhurnalyБасқосуда Қазақстан жазушылар одағының ОҚОФ-ның директоры Бақытжан Алдияр атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Филиалдың бастамасымен «Қазыналы Оңтүстік» көптомдық кітабы жарық көрсе, «Ізгілік сыр-сұхбат» отауы қаламгерлер мен оқырмандардың арасында алтын көпірге айналды. Сонымен қатар, қолына қалам ұстаған қауымның бүгінге дейін жетістіктері мен алдағы жоспарлары бекітілді. Ақындар мен прозашылардың шығармалары сараланды. Ғалым Жайлыбай қаламгерлерді жазар дүниені молайтуға шақырды. Ал Қарлығаш Сапарбаева
жас ақындардан жаңа жыр күтетінін айтты. Кеш барысында ақындар жырдан шашу шашып, өлеңнен өрнек өрді. Қаламгерлер бас қосқан жиында «Қазығұрт KZ» журналының тұсауы кесілді. Әдеби журналдың алғашқы саны қаламгерлер мен оқырмандарға сыйға тартылды. Айта кетейік, бүгінде өңірімізде Қазақстан жазушылар одағының 62 мүшесі бар.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Ұлыс күнiн ұлықтады Қош келдiң, әз Наурыз! »