Ел ертеңі – отаншыл жастар Избранное

Понедельник, 07 Ноябрь 2016 03:42 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4636 раз

«Болашағы жарқын Оңтүстік жастары» атты өңірлік жастар форумына республикалық, облыстық жастар ұйымдары мен облыстағы белсенді жастар және БАҚ өкілдері, барлығы 400-ге жуық азамат қатысты.

zhastar 88

Шараның ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев кез келген мемлекеттің дамуы мен экономикасының өсуі жастардың қатысуынсыз мүмкін еместігін айтып, болашағымыз жастардың қолында екенін жеткізді.

Облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған форумда еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен ауыл жастарын бизнеске тарту, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, жылдың үздік сала мамандары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, үндеу жарияланды.

Бүгінде облыстағы жастар саны 800 мыңға жуық. Еске сала кетейік, осы жылдың 1 желтоқсан күні Астана қаласында республикалық жастар форумы өтеді. Оған өңірімізден 102 делегат барады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.