Ғимарат пайдалануға берілді Избранное

Понедельник, 07 Ноябрь 2016 03:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4481 раз

Әл-Фараби аудандық әкімдігі Тыныбаев көшесі-49 жаңа мекенжайына қоныс тепті.

akimat

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Шымкент қаласы әкімдігінің бұрынғы ғимаратына бұдан бөлек қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі орналасатын болады.

– Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұған дейін мекемелердің жиі орын ауыстыруы қала тұрғындарына қиындық туындатқаны рас. Қала әкімдігінің бұрынғы ғимаратын пайдалануға беру арқылы бюджет қаржысы да үнемделетін болды, – дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Рашид Аюпов.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.