«Арай-2017»: үміткерлер – шешуші кезеңде

Пятница, 03 Февраль 2017 04:08 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3399 раз

Облыстық мәдениет басқармасының тапсырмасына сәйкес, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өтіп жатқан дәстүрлі «Арай-2017» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының шешуші кезеңіне жолдама алған үміткерлер анықталды.

635419684651

Екінші іріктеу кезеңінің қатысушыларына облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Нұрлан Әділханов сәттілік тілеп, жас дарындарға жылы лебізін білдірді. Қазылар алқасының шешімімен II-ші іріктеу кезеңінде сынға түскен 129 қатысушының өнерін сараптай келе эстрада жанры бойынша – 24, мәдени іс-шара жүргізу бойынша – 12 үміткер шешуші кезеңде сайысқа түседі.

Айта кетерлігі, елімізге танымал қаншама өнер тарландарының түлеп ұшуына жол ашқан "Арай" байқауы облысымызда 21-ші рет шымылдығын түрді.

Облыстық мәдениет басқармасы бекіткен ережеге сәйкес, биылғы байқаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Үміткерлерді саралап, іріктеуге облыстағы әрбір аудан, қаланың тумасы, өнердегі шоқтығы биік мәдениет майталмандары арнайы барып, жүзден жүйрік шыққан жас дарынға тәлімгерлік жұмыстарын жүргізуде. Іріктеудің алғашқы кезеңінде 512 үміткер бақ сынады.

Последнее изменение Пятница, 03 Февраль 2017 04:47
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.