Ата Заң – елдігіміздің бағдары Избранное

Вторник, 29 Август 2017 04:36 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5449 раз

«Айбары асқақ – Ата Заң». Шымкентте осындай атаумен Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

– Конституция – мемлекетіміздің мызғымас алтын қазығы. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары. Кемел келешегіміздің кепілі. Халықтың өзі дауыс беріп қабылданған ата заңымыз өркениетті мемлекеттердің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция – бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылымы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарының сақталуына негіз болды, – деді өңір басшысы Ж. Түймебаев. 

Шара барысында халыққа еңбегі сіңген 15 азаматқа облыс әкімінің грамотасы және алғыс хаты табысталды. Конституциямыздың қабылданғанына биыл 22 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.