Назерке СЕРІКБОЛҚЫЗЫ — тал бойына өнер тұнған жас дарын. «Жастар театрының» сахнасында қазақтың Жібегін, Айманын сомдап, ұлт аруларының бейнесін жаңғыртып жүр. Ал дубляж саласындағы еңбегі — бөлек тақырып. 2015 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі «Disney» мультфильмдерін қазақ тілінде дубляждауға өз үлесін
қосып келеді. Бүгінге дейін жас бүлдіршіндердің
кумиріне айналған оннан астам «Disney» ханшайымын қазақша сөйлеткен жан. Танымал режиссер, профессор Нұрқанат Жақыпбай ағамыздың шеберханасынан тәлім алған Назерке СЕРІКБОЛҚЫЗЫМЕН Шымкентке келген сапарында сұхбаттастық.

64

Жан-жақты шыңдалған актерлер трагедиядан комедияға, комедиядан драмаға еркін ауыса алады. Шеберлігімен, еңбекқорлығымен, тіптен ерекше образдарымен танылған театр және кино актері, «Жастар театрының» директоры Әділ Ералыұлы АХМЕТОВПЕН Шымкентке гастрольдік сапардың соңғы күнінде аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Әділ Ералыұлы — «Кек», «Қалжа», «Астана — махаббатым менің», «Жаужүрек мың бала», «Қарашаңырақ», «Анаға апарар жол» фильмдері арқылы көрермен көзайымына айналған майталман. Десек те, біз сахна сыртындағы бұл жүздесуде Әділ Ералыұлының актерлік қырынан гөрі, басшылық қызметтегі еңбегіне тоқталуды жөн көрдік.

31

Көктем келіп, Әз-Наурыз мерекесі жақындағалы айнала гүлдене бастады. Табиғаттың әсемдігінен бөлек, адамдардың мерекеге орай киген бүрмелі көйлек, оюлы бешпенттері ерекше көңіл-күй сыйлайтындай. Алайда, қарасаң көркемдігіне көз тоймайтын, ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киюге не кедергі? Дәл осы сауалдың жауабын іздеп, ұлттық киімдерді насихаттаудан жалықпайтын тұрақты оқырмандарымызға хабарластық.

703

Қазақ халқының даналығы, тапқырлығы, өмірге бейімдігі шешендік әңгімелер мен тарихи деректерден бөлек, ұлттық тағамдарымыздан да көрініс тапқан. Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, денсаулыққа да пайдасы мол тағамдар — ұлттық астың төресі. Біз бүгін әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұмыт болған, сирек қолданылатын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, дәріптеп жүрген Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұлттың тағамдарды насихаттаудағы жұмысымен таныстыруды жөн көрдік.

500

Сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықтаған, жас та болса жасампаз өнер ордаларының бірі — «Жастар театры» 10-14 наурыз аралығында Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Шымкенттіктердің ыстық ықыласына бөленіп, көрерменнің көзайымына айналды. Ал бұл еңбектің басым бөлігі театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссеріне тиесілі екені анық. Осы сапар барысында театрдың негізін қалаушы, режиссер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙМЕН аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

508

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» гастрольдік сапарын Шымкент қаласынан бастады. Өнер ұжымы 10-14 наурыз аралығында шымкенттік көрермендерімен қауышып, театр сүйер қауымның назарына 5 бірдей қойылым ұсынды. Гастрольдік сапар театрдың 15 жылдығына орай басталып отыр.

509

«ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС — Қазақстанның фармацевтика нарығында өзіндік брендін қалыптастырып, тіптен ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленген компания. Ал, осындай игі істің басында жүрген «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-нің бас директоры Гүлия Жүзенова — еліміздің фармацевтика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің «Шапағат» медалімен марапатталған аяулы ана. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Гүлия Бексұлтанқызымен сұқбатымызды ұсынып отырмыз.

405

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры — Шымкенттегі өнер ордаларының қарашаңырағы. Биыл қазақтың ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің туғанына – 130 жыл. Алаштың арда ұлының ұлт үшін еткен еңбегі мен төккен тері бүгінгі қазақ театрының қалыптасуындағы алғашқы қадам еді. Тарихқа көз жүгіртсек, ХХ ғасырдың 30-жылдарында Ж.Шаниннің қаламынан туған «Арқалық батыр», «Шахта» пьесалары Шымкент облыстық драма театрында қойылған деседі. Ал биыл өнер ордасы драматургтің өмір жолынан сыр шертетін спектакльді сахналамақ. Тақырыпты тарқатар болсақ.

300

Страница 14 из 21