«Шымкент қаласы бойынша «Аshyq» қосымшасына тіркелген 9021 нысанның 7061-і аутсайдерлер қатарында. Ал, 17 нысан талаптардың орындалуы жағынан көш бастап тұр». Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова мәлімдеді.

945

Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті және босанған әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды. Жаңадан ашылған 100 орындық стационар №2 қалалық аурухана базасында құрылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды. Тур барысында журналистер инфекциялық стационар мен вакцинация пунктінің жұмысымен танысты.

943

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты дәрігерлер дабыл қағуда. Біршама уақыттан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша жасыл аймақта жүрген Шымкент қаласы 11 қаңтарда «қызыл» аймаққа өтті. Ал, жыл басынан бері Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында COVID-19 вирусының «омикрон» штамы анықталып отыр.

921

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қирған нысандар мен мүліктерді жедел қалпына келтіруді тапсырған болатын. Елімізде 4-5 қаңтар күні орын алған тәртіпсіздік салдарынан Шымкенттегі бірқатар мәдениет нысандарына да зақым келген. Әсіресе, қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығы түгелдей өртеніп, «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының терезелері сынған.

920

Қаңтардың 4-5 күндері орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде 120 азамат жарақат алып, жедел медициналық жәрдем қызметінің 7 көлігіне шабуыл жасалған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

900

БАРЫСПЕН БІРГЕ БАҚ ҚОНСЫН!

Среда, 29 Декабрь 2021 04:33

Дүниежүзі санаулы сәттерден соң Григориан күнтізбесіне сәйкес, Сиыр жылын шығарып салып, Барыс жылын күтіп алмақ. Деректерге сүйенсек, әр ел жыл санаудағы жан-жануарларды өздеріне бейімдеп айтады. Мәселен, қазақтың жыл санауындағы ұлу жылы – Қытайда айдаһар, сиыр орыс жыл санауында өгіз жылы деп аталады. Дәл солай, өзге елдердің жыл санауындағы жолбарыс бейнесі бізде барыс болып енген. Әсіресе, оның ішінде ілбіс (қар барысы) қазақ жыл санауының нышанына айналған.

864

Жастар шам жарығында жүздесті

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:33

Поэзия сүйер қауым «Шам жарығындағы кездесуде» бас қосты. Шабыттары шарықтап, арман жолында мазмұнды өлең жазуды мақсат тұтқан жастар биыл 5 жылдығын атап өтуде.

820

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Ал кітапхана — осы қазынаны сақтайтын қор. Егемендіктің алғашқы жылдарында елдегі экономикалық жағдайларға байланысты кітапханалар біріктіріліп, мәдениет үйлерінің қарамағына өткен де болатын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында ел руханиятының қазынасы саналатын кітапханалардың да жұмысы жанданып келеді. Біз қаладағы кітапханалардың тыныс-тіршілігін білмекке Шымкенттегі орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила ЖҰМАНОВАМЕН сұқбаттасқан едік.

816

Страница 17 из 21